Осы аптада депутаттар не істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова Парламент депутаттарының осы аптадағы жұмыс жоспарын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертең, 27 маусым Мәжілісте ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымы болады. Осылайша, еліміздегі ақпараттық бағыттың дамуы мәжілісмендердің шешіміне байланысты болмақ», - дейді Лоскутова.

Ал заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобы интеллектуалды меншік заңнамасын жетілдіру жайын талқыға салады. Бұдан бөлек, әлеуметтік-мәдени даму комитет жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін пысықтайды. «Сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді. Сол күні әлеуметтік-мәдени даму комитет балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау мәселесін қарайды. Ал келесі күні балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдардың қызметі қаралады. Сондай-ақ, мәжілісмендер зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорының мәселелерін талқылайды», - деп атап көрсетті Лоскутова.

Айта кеткен жөн, 30 маусымда Парламент палаталарының бірлеске отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар