Оспанов: Істі болған шенеуніктерден тәркіленген мүлік меморгандарға ұсынылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық істер аясында мемлекеттік меншікке түсетін барлық тәркіленген нысандар бірінші кезекте мемлекеттік органдарға ұсынылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов мәлім етті.

«Яғни, мемлекетте бұл автокөліктерді қайта үлестіріп беру мүмкіндігі бола тұра, дәл осы көліктерді сатып алуға мемлекеттік органдарға бюджеттік қаржыны шығындаудың мәні жоқ. Осы ретте меморгандар бұл автокөліктерге қызығушылық танытпаса, онда олар электронды саудаға шығарылады. Ешқандай да қағазбен жасалатын рәсімдер болмайды, тек электронды алаңның мүмкіндіктері пайдаланылады»,-деді Ж. Оспанов.

Айта кетейік, электронды саудадағы ақпарат баршасы үшін ашық болады.

«Бұл автокөліктердің құны нарық бағасымен деңгейлес. Бұл тұрғыда жүйе таңдаулы біреуге басымдық бермейді»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар