Өскеменнің «Торпедосы» «Челмет» командасынан басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Челябинск қаласында өткен Жоғары хоккей лигасының чемпионатында өскемендік «Торпедо» «Челмет» командасымен ойнады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші кезеңде өскемендік Иван Иванов есеп ашты. Екінші 20 минутта ешқандай өзгеріс болған жоқ. Үшінші кезеңде Бренден Миллер мен Тэннер Соренсон өз командаларының сенімді түрде жеңіске жетулеріне мүмкіндік жасады.

27 қарашада Өскеменнің «Торпедосы» орскілік «Южный Урал» командасымен кездеседі.

«Челмет» - «Торпедо» 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

Шайбалар: 0:1 - 16:46 Иванов (Игнашин). Теңдей

0:2 - 50:02 Миллер (Шин, Рымарев). Теңдей

0:3 - 56:03 Соренсон (Быков). Теңдей

Қақпашылар: Сухачёв - Смирягин Штраф: 25:29 (0:4, 4:4, 21:21).

Соңғы жаңалықтар