Өскеменнің май зауытындағы жарылыс: Комиссия жұмысы ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменнің «Май» зауытындағы жарылыстың себеп-салдарын анықтап жатқан комиссияның жұмысы ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Май зауытындағы жарылысқа байланысты оқиға орнында жұмыс істеп жатқан тергеу комиссиясының жұмысы ұзартылды. Бұған дейін аталған комиссия жұмысы 10 күн ішінде аяқталып, қорытындысы жарияланады деп мәлімденген еді. Алайда, белгілі болғандай, тергеп-тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

«Комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.  Апаттың нақты себебі туралы айту әзірге ерте. Зардап шегушілерге өтемақы мөлшері тек ресми  шешім шығарылған соң ғана белгіленеді», - деді  Индустриалды өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бөлім басшысы Рамиль Болатқан.

Естеріңізге салсақ, желтоқсан айының соңында май зауытында жарылыс болып, 2 жұмысшы зардап шекті. Олардың бірі - Алексей Столяров ауруханада көз жұмды. Кәсіпорын басшылығы марқұмның отбасына өмір бойы көмек көрсетуге уәде берген еді.

 

Соңғы жаңалықтар