Өскеменнің электр желілерінде ірі апат болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат  -  Өскеменде қосалқы стансадағы апат салдарынан қала жарықсыз қалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шығыс Қазақстан ӨЭК» АҚ-да апат себептерін атауға асықпауда, себебі,  олар әлі анықталу үстінде. Тек қосалқы стансалардың бірінде жоғары вольтты жабдықтың зақымданғаны белгілі. Осыдан кейін автоматты қорғаныс іске қосылып, өзге қосалқы стансалар сөнген. Бұл өз кезегінде ауызсу беретін сорғылардың да жұмысын тоқтатты.

 «ШҚ ӨЭК» АҚ баспасөз қызметінің қызметкері Алексей Проскуряков біздің тілшіге: «Жүйе қайта іске қосылғаннан кейін энергиямен қамтамасыз ету қалпына келетін болады. Комиссия жұмыс істеуде», - деп жауап берді.

«Түске дейін электрмен қамтамасыз ету жүйесі толықтай қалпына келтіріледі деп үміттенеміз», - деп атап өтті А.Проскуряков.

Соңғы жаңалықтар