Өскеменнің екі тұрғынынан 7 келі есірткі тәркіленді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында  7 келі марихуананы тасыған  жолаушылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ІІД есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде заңсыз есірткі саудасымен айналысқан азаматтарды ұстады. Полиция қызметкерлері 29 жастағы азамат тізгіндеген көлікті тоқтатып, салонына тексеру жүргізген. Тінту барысында жолаушыларға тиесілі жалпы салмағы 7 келі марихуана тәркіленген. Есірткіні алып бара жатқан 27 және 42 жастағы азаматтар - облыс орталығының тұрғындары.

«Екі азамат өз кінәларын мойындады. Қазір олар уақытша қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» делінген ІІД таратқан мәліметте. 

Фото: sakhalife.ru

Соңғы жаңалықтар