Өскемендіктерге тасқын шығындары төлене бастады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Тасқыннан зардап шеккен өскемендіктердің алғашқы тобына жалпы көлемі 12,6 млн теңге төленетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Өскеменде тасқын салдарын есептеу үшін қалалық әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссияның мәжілісі өтті. Комиссия мүшелері 17 отбасының құжаттарын қараған. Оларға жалпы жиыны 12 608 622 теңге берілмек.

«Бұл - тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың алғашқы легі. Тұрғындардан тағы 15 отбасыдан өтініш түсті. Оның құжаттарын 27 сәуірде қарайды. Бүгін  өтініші қаралған тұрғындардың өтемақысы 27 сәуірге дейін түседі. Ол ақша «Қазпошта» бөлімшелері арқылы беріледі» - делінген Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Соңғы жаңалықтар