Өскемендік жүргізуші суға кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі екі жасар бала мен анасын Ертіс өзеніне ағып бара жатқан жерінен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түскі сағат 12.00-дер шамасында болған. Славский жағалауында алаңсыз серуендеп жүрген бала абайсызда Ертіс өзеніне құлаған. Баласын құтқару үшін анасы да суға секірген. Оқыс оқиға өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі  Виталий Бақтыбаевтың көз алдында болған.

«Ол еш ойланбастан суға кеткен ана мен баланың соңынан секіреді. Көмекке тағы 2 адам ұмтылған. Олар сол маңда электр бағанын жөндеп жүрген Айдын Төртбай мен Ернар Қадыбеков екені анықталды. Ернар Қадылбеков баланы судан шығарған бойда дұрыс шешім қабылдап, жасанды тыныс беру арқылы аман алып қалған» - делінген Төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратта.

Үш жігіт суда арпалысып жатқанда жағаға төтенше жағдай департаментінің өкілдері Алексей Оградов, Ақылбек Мұхаев, Ержан Қасымханов және Ерік Тойбаев келіп жеткен. Олар суға батқан бала мен әйелдің жағаға аман-есен шығаруға көмектескен.

Соңғы жаңалықтар