Өскемендік «Торпедо» ЖХЛ матчында «Хайлуцзян» командасын жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендік «Торпедо» ЖХЛ-ның тұрақты чемпионатының аясында өз алаңында «Хайлуцзян» командасын жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Алғашқы кезеңде-ақ айдын иелері қонақтардың қақпасына жауапсыз 5 гол салды. Үш шайбаны Белозеров салса, қалғандары Шестаков пен Ивановтың үлесінде.

Екінші 20 минутта Скворцов ойынның басымдықта өтуін қамтамасыз етті.

Үшінші кезеңде «Торпедо» командасына Торяник, Иванов пен Куракин, ал «Хайлуцзян» командасынан Гладун ерекшеленді.

Қорытынды есеп - 8:2 болып, «Торпедо» командасының пайдасына шешілді. Бұл команда енді 82 ұпаймен Лиганың кестесінде 6-шы орында тұр.

Соңғы жаңалықтар