Өскемендік өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Өскеменнің өрт сөндірушілері 4 адамды құтқарып, 78 адамды көшірді.

Өрт Сәтбаев даңғылындағы тоғыз қабатты үйдің 5 қабатында шыққан, деп хабарлайды ШҚО ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.  
null

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минутта келіп жетті. Көршілер пәтерде мүгедек адамның тұратынын айтты. Өрт сөндірушілер бір сәт те болсын кідірместен есікті бұзып, тыныс алу аппаратын киіп алып пәтерге кіріп кетті. 1978 жылы туған, 2-топтағы мүгедек ер адам төсекте жатқан. Жігіттер дереу оны өртену ошағынан алып шығып, жедел жәрдемге табыстады, ол зардап шеккен жоқ.

"Үйдің дәлізі қою қара түтінге толып кетті, өрт сөндірушілер көрші пәтердегі 1930 жылы туған егде адам мен 2 баланы далаға алып шықты. Сонымен қатар үйден 78 адамды эвакуациялады. Жалын бірнеше минуттың ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", - делінген хабарламада.

 Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 техника мен жеке құрамнан  11 адам жұмылдырылды.

Өрттің отпен абайсыз болу және электр құралдарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін  сақтамау салдарынан болу мүмкіндігі қарастырылуда. 

Соңғы жаңалықтар