Өскемендік оқушылардың жобалары Ресейде өткен олимпиадада топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Адам -Жер - Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының XVIII Бүкілресейлік олимпиадасынан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіспен оралды, деп хабарлайды altaynews.kz .

Ғылыми жобалардың биыл өткен «Дарын» республикалық конкурсының жеңімпазы 10 сынып оқушысы Сая Маратова Бүкілресейлік олимпиадада да топ жарды. Оның «Жер - біздің ортақ үйіміз» секциясында қойылған акваруимға арналған фотобиореактор жұмысы 1 орынға лайық деп танылды. Ғалымдар оқушыға балықтарға оттегі жеткізетін генераторды жетілдіре түсуге кеңес берді.

Ал 11сынып оқушысы Дулат Алдажаров Королев қаласына шамдарды суытатын радиатордың моделін әкеткен болатын. Оның «Электр жарығын үнемдейтін жарықдиодты құрылғыларды жасау және зерттеу» жобасы жүлделі екінші орынға ілікті.

«Мен олимпиадаға «Қуат және адам» секциясында қатыстым. Қазылар жобаның құны, оның маңыздылығы туралы сұрады. Бес минутқа созылған әңгімелесудің өзі мен үшін өте пайдалы болды. Маған бұл кеңестер жобамның тиімділігін арттыра түсуге көмектеседі деп сенемін», - дейді Дулат.

Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның айтуынша, XVIII Бүкілресейлік олимпиаданың қорытынды конференциясы Мәскеу облысының Королев қаласында өткен. Ресей мен Қазақстаннан 220-дан астам дарынды оқушы бас қосқан шараның шеңберінде зияткер оқушылар Жұлдызды қалашықтағы Ю.Гагарин атындағы космонавтиканың дайындау орталығында «Космостық зертхана» бағдарламасы бойынша семинарға қатысып, Ресейдің әскери-әуе күштері және «Қуат» космонавтика мұражайларын аралады.

Соңғы жаңалықтар