Өскемендегі зиянды заттар шығарындылары металлургия өндірісіне жарамсыз

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зиянды заттар шығарындылары «Казцинк» металлургия өндірісіне жарамсыз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұған дейін мәлім болғандай, табиғатты қорғау прокуратурасы «Қазгидромет» РМҚК мамандарына «Қазцинк» ЖШС және «УМЗ» АҚ аудандарындағы өндіріс алаңдарының  атмосфералық ауасын сынап көруге тапсырма берді.

Тексеру нәтижесі келесі заттар бойынша  санитарлық нормалардың  уақытша артқандығын анықтады: азот диоксиді - 5,8 есе, бензол - 5,8 есе, бензин - 4,2 есе, бутилоцитат - 6 есе, толуол - 3,7 есе артқан (Астафьев және Куйбышев көшелерінде).

«Бензин, бензол, толуол және бутилоцитат сияқты заттар металлургия өндірісіне, атап айтсақ Өскемен металлургия кешеніне жарамсыз. Бұл  шығарындылардың көзі - жанар-жағармай материалдарымен жұмыс істейтін автокөлік кәсіпорындары.  Ал, азот диоксидіне келетін болсақ, негізінен жылу энергетикасы кәсіпорындарынан шығады», - делінген «Қазцинк» ЖШС хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар