Өскемендегі спорт мектебінде хоккей сыныбы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында алғашқы қоңырау соғылып, білім ордасына жаңадан 100 бала қабылданды. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында мектеп интернатында жаңадан хоккей сыныбымен ашылды. Бұл туралы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі Елжан Қайырханов хабарлайды.



«Спорттағы дарынды балаларға арналған білім ошағында биыл 395 оқушы білім алатын болады. Мектепке 100 оқушы қабылданды. Білім ордасында барлығы 17 сынып бар, олардың 8-і қазақ тілді, 9-ы орыс тілді. Мектеп-интернатының қабырғасы жағымды жаңалықтарға толы. Мәселен, биылдан бастап мұнда жаңадан хоккей сыныбы ашылды. Қыздар волейболы, жүзу және велоспорттан жаңадан жаттықтырушылар қабылданды», - деп хабарлайды Елжан Қайырханов.

Аталмыш мектеп-интернатына облыстық әкімдік тарапынан қаржы бөлініп, оған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Білім ордасының алдына тасжол төселіп, спорт алаңдары салынып жатыр. Мектеп қабырғасында спорттың 12 түрі бойынша жаттығатын балаларға күнделікті 6 рет тамақтандыру жолға қойылған.

Соңғы жаңалықтар