Өскемендегі сарғайған қар елді алаңдатты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің Сол жағалау ауданында қардың ашық сарғыш түске боялуы елді алаңдатып отыр. Тұрғындар 2 аптадан бері жағымсыз иіске тұншығып жүргендерін айтып, экологиялық қауіпсіздік орталығына шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ульянов көшесіндегі 86 үйдің ауласындағы газ қоймасының маңайында қардың ашық сары түске енуі жұрттың күдігін туғызса керек. Тұрғындар екі аптадан бері аулада жағымсыз иіс пайда болғанын сезінген. Облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары «Казгидромет» мекемесімен бірге қар түсінің өзгеру себебін анықтамақшы.

«Бізге бүгін тұрғындардан шағым түсті. Естіген бойда экология департаменті мен қалалық төтенше жағдай мамандарына хабарластық. «Казгидромет» мекемесі мен біздің мамандар аталмыш аумақтан қар сынамаларын алуға кетті. Тұрғындардың айтуынша, екі аптадан бері аулада жағымсыз иіс пайда болған екен. Оның газ сақталатын ыдыстарға қатысы бар-жоғын да тексеріп көреміз» - дейді экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков.

Соңғы жаңалықтар