Өскемендегі өрт екі жасар баланың өмірін жалмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үйден шыққан өрт екі жасар баланың өмірін жалмады. Бүлдіршінге ешкім көмектесе алмады: қайғылы оқиға кезінде оның ата-анасы болмаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өскемен ТЖБ-ға сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 7 қазан күні Новотроицкое кентінде болған. Өрт туралы хабар кеш түскендіктен және  оқиға болған жердің қашықтығы 40 шақырымды құрағандықтан, оны ауыздықтау мүмкін болмады.

Құтқарушылар келгенге дейін баланың өмірін арашаламақшы болған әжесі жанып жатқан үйге кіріп, денесінің 68 %-ын күйік шалған. Ол бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер келген үйдің шатыры тілсіз жаудың салдарынан опырылып, аумағы 36 шаршы метр болатын жерді сөндірген. Өртті ауыздықтауға жеке құрам мен 2 техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар