Өскемендегі хайуанаттар бағында ТМД-дағы ең кәрі аю мекендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі хайуанаттар бағында ТМД зообақтарындағы ең кәрі аю да осында мекен етеді. Ол 18-де, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Өскемендегі хайуанаттар бағын аң-құстың түр-түрі мекен етеді. Өзге зообақтармен салыстырғанда мұндағы аюлар саны да көп. Баққа келушілер қатары сиреген емес. Жануарлар да адамдарға әбден үйреніп алған. Олар өздеріне көрсетілген қамқорлыққа алғыспен жауап береді.

«Қаламызда мұндай бақтың бар болғанына қуанамыз. Әсіресе, балаларымызға қатты ұнайды. Мұның тәрбиелік мәні де зор. Жан-жануарды көзбен көріп, қамқор танытуы олардың мейірімді болып өсуіне ықпал етеді», - дейді хайуанаттарды тамашалатуға балаларын алып келген Владимир Царев.

Багира есімді мына тау арыстанын ресейліктер табыс еткен. Зообақта бүгінде 300-ден аса аң-құс мекендейді. Көрермен көзайымына айналған бұл қонжықтардың жасы 1,5-да.

Жалпы мамандар аюға ерекше күтім жасалатынын айтады. Мына кішкентай сілеусін қалаға адасып келген екен. Пананы балабақшадан іздепті. Алайда мысықтұқымдас жыртқыштың ендігі мекені осы зообақ.

«Өзім екі жігітті алып барып, сол жерде ұстап әкелдік. Өзінің халі нашар болған. Таудан келген ғой. Биыл қал қалың, Даладан тамақ таба алмай адамдарға келген ғой. 2 айдан асты тамағын жеп, қазір көңіл-күйі жақсы», дейді жануарлар дәрігері Айдархан Төлегенов.

Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің басты міндеті - мұндағы аң-құсты қыстан шығынсыз өткізу. Бұған барлық жағдай жасалған. Мамандар қыс кезінде зообақтағы хайуанаттарды жиі тамақтандыруға тура келетін айтады. Сол себепті кез-келген көмектен бас тартпаймыз дейді.

Соңғы жаңалықтар