Өскемендегі ең үлкен туды жел ұшырып әкетті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат -- Өскеменнің іргесіндегі Ботпай тауының биігіне тігілген туды жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жергілікті жұрт «Қазақстан» деп атайтын мемлекеттік рәміздер кешенінде орналасқан политекс матасынан жасалған тудың ені - 12, ұзындығы 24 метрді құрайды. Сағатына 18 метр жылдамдықпен соққан жел, туды тұғырынан жұлып әкеткен.

«Ту алысқа ұшып кеткен жоқ. Қазір қатты жел туды тұғырына қайта ілуге мүмкіндік бермей тұр. Жел басылған соң, көк байрағымыз орнына қайта ілінеді»,-деді «Өскемен Тәртіп» коммуналдық қызметінің мамандары.

Соңғы жаңалықтар