Өскеменде жылу мен ыстық судың бағасы қымбаттайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында 1 қазаннан бастап ыстық су мен жылудың бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның 2017 жылғы 1 қазанынан бастап, есептеу құралының болуына және болмауына байланысты сараланған тарифтерін бекітілгендігін хабарлайды. Кәсіпорынның ресми сайты аталған күннен бастап өзгеретін тарифтердің кестесін жария етті.

Келтірілген мәліметке сәйкес, коммуналдық қос қызметке баға шамамен 3,3 пайызға көтерілмек. Үйлерінде жеке есептеу құралдары бар тұрғындар ыстық су үшін бұдан былай айына 667,62 теңге төлейтін (қазіргі уақытта 646,58 теңге) болады. Ал пәтерлерінде жеке есептеу құралдары бар қалалықтар кубометр су үшін 269,73 теңге (қазіргі уақытта 261,23 теңге) төлейді.

Тарифтердің өзгергені туралы толығырақ ақпаратты ukteplo.kz ақпарат көзінен толығырақ білуге болады.

Соңғы жаңалықтар