Өскеменде жауған қар бүкіл рекордтарды жаңартты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жауған қар бүкіл рекордтарды жаңартты, наурыздың алғашқы бес күнінде жауын-шашынның айлық мөлшері жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемнің алғашқы күндері қалыңдығы бір метрдей қар жауды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері де қар жауады. Түнде және күндіз жауын-шашын болады, кейбір жерлерде күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.

Бұл онсыз да тәуліктік режімде істеп жатқан коммуналдық қызметтердің жұмысын қиындата түседі.

«Әрине, басты міндет орындалып жатыр. Қоғамдық көлік үзіліссіз қатынауда, машиналар жүріп жатыр. «Өскемен - Тәртіп» осымен бесінші күн тәулік бойы жұмысын тоқтатқан жоқ. Жалпы 98 техника қармен күресіп жатыр. Қала тұрғындарына бүкіл қарды күреп шығару мүмкін емес екенін айтқым келеді. Соңғы күндері 2000 текше метр қарды шығардық», - дейді «Өскемен - Тәртіп» МКК басшысы Тамара Рахымжанова.

Бүгін коммуналдық шаруашылықтың 160 жұмысшысы тротуарларды тазалап, аялдамалардағы қарды қолдың күшімен күреп шықты.

Соңғы жаңалықтар