Өскеменде жалған жиһаз жасаушылар ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері соңғы кезде Өскеменде жалған жиһаз жасаушылардың көбейіп кеткенін айтады. Қолға түскен ерлі-зайыптылар тіпті кейбір үйлерден жиһаз тұратын орынның өлшемін алып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жиһазшы» жұп өлшем жасау қызметін тегін ұсынған. Осылайша, тапсырыс берушілердің сеніміне кіріп алып, алдын ала төлем талап ететін болған. Ақша қолға тиісімен, тапсырыс берушілер хабарсыз кеткен. Олардың бұл қулығына 42 жастағы өскемендік әйел де алданған екен. Жалған жиһазшылар интернеттегі парақшадан өздерінің «қолынан шыққан» өнімдердің суретін көрсетіп, тапсырыс өте көп болғандықтан, ақшаның бір бөлігін қолма-қол беру керектігін айтады. Үйге арнайы келіп, жиһаздың өлшемін алған жұпқа әйел 200 мың теңгені ұстатып қоя берген. Тапсырыс берушінің көңілі орнықты болуы үшін күдіктілер 2 дана келісімшарт жасайды. Бірақ нотариуссыз жасалған бұл құжаттың ешқандай заңдық күші жоқ болатын.

«Дәл осындай жолмен алданған 7 дам анықталып отыр. Өскемен қалалық ішкі істер бөлімі 46 жастағы өскемендікті ұстады. Оның бұл әрекетінен тапсырыс берушілер 700 мың теңгенің шығынын көрген. Күдіктінің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды» - делінген ІІД баспасөз қызметінін мәліметінде.

Департамент мамандары тұрғындарға қандай да бір тапсырыс бермес бұрын, сақ болу керектігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар