Өскеменде үйдің кіреберісінен табылған қыздың ата-анасы іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні таңертең Өскемен қаласы Серікбаев көшесіндегі № 1/1 үйдің тұрғындары подъездердің бірінен кішкентай қызды тауып алды. Қызды Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына тапсырды, деп хабарлайды YK-news.kz.

КТБ-ның хабарлауынша, қыздың ешқандай қол жүгі болмаған. Оны көрген тұрғындар дереу полицияға хабар берген. Тәптіп сақшылары баланы арнайы мекемеге алып кетті және оның заңды ата-анасын іздеп жатыр.

«Бүлдіршін өте нашар сөйлейді, тіпті өз атын анық айта алмайды, - деді орталық қызметкері. - Түріне қарап, шамамен 4 жаста деп болжадық».

Оны подъезге кім қалдырғаны және не үшін қалдырғаны белгісіз. Қыздың ата-анасы туралы қандай да бір ақпарат білетіндер 22-16-73 (КТБ) немесе полицияға (102 нөміріне) хабарласа алады. 

Соңғы жаңалықтар