Өскеменде тұтас отбасы түтінге уланып, 7 жасар қыз көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат - Өскеменде бір отбасы түгелімен ыс тиіп уланып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі қалалық ТЖ бөліміне сілтеме жасап.

7 жастағы қыз жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмды. 53 жастағы әйел ес-түссіз ауруханаға түсті, сонымен қатар 5 жастағы қыз түтінге қатты уланған, оның да жағдайы нашар. Үйдегі 50 жастағы ер адам мен 26 жастағы қыз да ауруханаға жатқызылды.

Белгілі болғанындай, үй иелері қауіпсіздік шараларын өрескел бұзып, пеш мойынындағы сырғытпаны ашпастан от жаққан.

ТЖ мамандарының айтуынша, осыған ұқсас қайғылы жағдайлардың басым бөлігі пештің ақауынан немесе пеш мойынындағы сырғытпаның кесірінен болады екен.

Соңғы жаңалықтар