Өскеменде тұрғын үйлер салынуға арналған жерлер жекеменшік фирмаларға сатылып кеткен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы 19 шағынауданында салынып жатқан тұрғын үйлерге арналған мемлекет   инфрақұрылымындағы 37 жер учаскесі іс жүзінде «жеке фирмаларға берілген болып шықты». 

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметовтің облыстық әкімдіктегі жиыны барысында осы мәселе көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Артығымен есептесек, бұл осы жерлерге салынуға болатын шамамен 200 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайды. Егер бұрынғы басшылық осындай мақсатқа инвесторлар тартар болса, мен қарсы емеспін.  Алайда, берілген жерлерде ештеңе салынбаған, ештеңе тұрғызылмаған, ал бізге бұл ауданда құрылысқа жер жетпейді», - деді Даниал Ахметов. Ол барлық тиісті басқармаларға осы мәселені түбегейлі шешіп, сот талаптарын дайындауды бұйырды. Әсіресе, жер және құрылыс қолданысын бақылау басқармасы облыс басшысының қатаң сынына алынды.

 

Соңғы жаңалықтар