Өскеменде трамвай зейнеткерді қағып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 7.50-де Өскемендегі «Электротовары» аялдамасында трамвай 75 жастағы әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті қазіргі уақытта әйелдің бірінші қалалық аурухананың ота жасау бөліміне жатқызылғанын мәлім етті.

Белгілі болғандай, зейнеткер №3 бағыттағы трамвайдың соңынан жүріп келе жатқан келесі трамвайдан түсіп, оның алдын кесіп өтпекші болған. Көлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп апарған. Әйелдің аяғын кесіп кеткен.

«Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Қандай қылмыстық бап бойынша іс қозғалатындығы әзірге белгісіз», - деп хабарлады өңірлік ІІД. 

Соңғы жаңалықтар