Өскеменде тасымалдаушы компаниялар автобустарды тоқтатпайтын болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендік тасымалдаушы компаниялар күндізгі райларынан қайтып, ертең автобустарды тоқтатпайтын болып шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің «Фейсбук» парақшасында айтылды.

«Қала әкімдігі барлық автобус маршруттарының үзіліссіз жұмыс істеуі  үшін келіссөз жүргізді. Бүгін кешке әлеуметтік желілерде бұл мәселе қызу талқыланды. 3 тасымалдаушы компания 17 наурызда күндізгі уақытта өздеріне тиесілі маршруттарды жолға шығармайтынын мәлімдеген болатын. Барлық бағыттағы автобустар  күні бойы жұмыс істейтін болады. Тасымалдаушы компаниялардың мемлекеттік кірістер департаменті алдындағы қарыз мәселесін арнайы комиссия қарап жатыр. Ал тұрғындар  қоғамдық көлік қызметін еш кедергісіз пайдаланады. Келіссөз нәтижесінде ешбір автобус тоқтамайтын болып шешілді» - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 16 наурыздың кешіне қарай Өскемендегі 3 тасымалдаушы  компания 17 наурыз күні өздеріне тиесілі 14 машруттың автобустары оңтайланған режімде жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар