Өскеменде шетелдік көлік үш адамды қағып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше кешке Сәтпаев даңғылы бойында шетелдік көлік автобус аялдамасына бұрылып кетіп, екі зейнеткер мен бір ер адамды қақты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен қалалық полициясының мәлімдеуінше, 27 жастағы ер адам «Toyota Carina» автокөлігін басқара алмай, автобус аялдамасына шығып кеткен. Науқастар жеткізілген бірінші қалалық аурухананың травмотология бөлімі 75 жастағы зейнеткер әжейдің тізе тобығы сынғанын, екінші зейнеткердің сирағына зақым келгенін хабарлады.

Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын, көліктің арнайы тұрақта екенін айтты. Сонымен бірге, қазір өңірде қар толассыз жаууда және көшелерді көктайғақ басты. Қар тазалаушы техникалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр және қалалық әкімдік қардың үздіксіз тазаланып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар