Өскеменде прокуратураның бастамасымен тұңғыш «Пробация үйі» ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында прокуратураның бастамасымен тұңғыш рет бостандыққа шыққандар және пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға арналған «Пробация үйі» ашылды. Дағдарыстық орталық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар базасында қызмет істейді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстың прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Пробация үйінде» «бір терезе» қағидасы бойынша барлық мемлекеттік қызмет көрсетіледі, аталмыш шара барлық рәсімдерді оңайлатып отыр. Есепте тұрғандарды күнделікті қабылдау 1-ші шілдеге дейін жалғасады және оның аясында қаланың пробация қызметінде есепте тұрғандардың барлығына әлеуметтік-құқықтық көмекпен қамту жоспарланған. Күтілетін нәтижелер - бас бостандығынан айыру жерлерінен босап шыққандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, қылмыс жасау себептерін азайту, және олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдайларды жасау.

Орталыққа келгендерге психологиялық және заң көмегі көрсетіледі, белгіленген квота бойынша әлеуметтік дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жұмыс орындары ұсынылады, сондай-ақ, қажет болған жағдайда кешкі мектептер мен кәсіби лицейлерге жіберіледі. Бұдан басқа, бостандыққа шыққандарға зейнетақы, жәрдемақы рәсімдеуіне көмектесіп, бизнес ашуға, несие алуға да қолғабыс етеді. Орталықта дәрігерлер де жұмыс істейді, олар есептегі тұлғаларды қарап, әрі қарай медициналық мекемелерге тексеруге жіберетін болады.

Соңғы жаңалықтар