Өскеменде орташа айлық жалақы 125 700 мың теңгені құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы қала әкімдігінің өкілдері хабарлап отыр, деп жазады yk.kz порталы.

Бұл мәліметтерді қалалық мәслихаттың сессиясында есеп берген қала әкімі Ерлан Аймұқашев мәлім етті.

«Жалпы алғанда, қала бойынша алғанда орташа айлық жалақы 11,8 пайызға өсіп, 125,7 мың теңгені құрады»,-деді ол Өскеменнің соңғы 9 айдағы даму көрсеткіштері жөнінде баяндай келе.

Бұл ретте - жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықпен күрес, азаматтарды әлеуметтік қолдау сияқты шаралар басымдыққа ие болып отыр.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 5 мыңнан астам адам көмек сұрап келген.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында оларға шағын несиелер алуға, кәсіби біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға көмек көрсетіліп, әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылған.

Әлеуметтік жағдайлары ауыр отбасыларға тұрғын үй және мемлекеттік әлеуметтік көмек беріліп, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақылар төленген.

Соңғы жаңалықтар