Өскеменде мас жүргізуші мініп кеткен полиция көлігі аударылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 ақпан күні Өскемен полициясы мас автокөлік жүргізушісін ұстады. Ондағы жолаушы тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен. Инспекторлар бүлікшіні сабасына түсіріп жатқанда, мас жүргізуші патрульді автокөлікті мініп кеткен және сол көлікпен аударылған, деп хабарлады YK-avto.kz.

ШҚО ІІД хабарлауынша, кеше Орджоникидзе көшесінде шетелік көлік жол бойындағы қоршауға соғысып, жол-көлік апаты орнынан қашып кетті. Полиция камера арқылы із кесіп, құқық бұзушының көлігін тоқтатты және оның жүргізушісінің шылқа мас екенін анықтады.

«Hyundai Accent» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі алкогольді ішімдікке масайған күйінде көлік жүргізген, - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. -  Көлікті тоқтатқанда, ондағы жолаушы тәртіп сақшыларының киіміне жармасып, балағат сөздер айтып, қарсылық танытты. Полиция қаһарлы жолаушыны ұстауға тырысты, ал сол мезетте мас жүргізуші полиция автокөлігін айдап әкеткен. Ер адам ұзаққа бара алмады және Протозанов көшесінде көлік аударылды.

Глубоково ауданының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар