Өскеменде күдікті сөмкеге бола дүкеннен 300 адам эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы «Горизонт» дүкенінде қараусыз қалған сөмкенің салдарынан бүкіл аудан қоршауға алынды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Бүгін сағат 12-де полицияға Михаэлис көшесінде орналасқан «Горизонт» дүкенінде терезенің алдында қараусыз қалған спорттық сөмкенің жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабарланған мекенжайға полиция жасағы жетті.

«Қауіпсіздікті сақтау мақсатында полицейлер ауданды қоршауға алып, автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар, дүкенге келушілер мен тұрғын үйлердегі 300 адам эвакуацияланды. Саперлер спорттық сөмкені тексеріп, оның ішінен күдік келтіретін ештеңе таппады. Онда заттар мен азық-түлік болған», - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Бірнеше уақыт өткеннен кейін азық-түлік салынған сөмкенің иесі табылды. Жас жігіт оны дүкенде ұмытып қалдырып кеткен екен.

Соңғы жаңалықтар