Өскеменде қоқыс полигоны өртеніп жатқанына үш күн болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өрт сөндірушілері қалалық қоқыс полигонындағы өртті сөндіріп жатыр. Орман шаруашылығы ауданындағы қалалық қоқыс үйіндісі үш күннен бері өртенуде, ол 28 мамыр күні сағат 23.00-де басталған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазіргі таңда өрт сөндірілген жоқ, жалын шарпыған аумақ 0,5 гектарға жеткен. Әзірге өрт ауыздықталған да жоқ. «Ол жерде қанша жылдан бері қабатталып жиналған қоқысты сөндіру үшін көп су керек», - деп атап өтті облыстық ТЖ департаменті.

Тілсіз жаумен тәулік бойы арнайы техника мен өрт сөндірушілер, ШҚО ТЖД арнайы жасағының орман техникасы, сонымен қатар екі фронтальды тиегіш, үш бульдозер мен екі су құю машинасы күресуде.

Өрттің шығуына отты абайсыз қолданус себепші болуы мүмкін деген болжам жасалды. 

Соңғы жаңалықтар