Өскеменде кәсіпкерлердің «Туған жер» форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Форумның мақсаты меценаттарды туған жердің, ауылдың, ауыл мектептерінің жағдайын жақсартуға тарту, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қазан айында облыс орталығында «Туған жер» атты облыс кәсіпкерлерінің форумын өткізу жоспарланып отыр.

Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілгелі отырған форумның мақсаты кәсіпкерлерді, ірі кәсіпорындарды, меценаттарды туған жердің, ауылдың, ауыл мектептерінің жағдайын жақсартуға тарту, қолдауға шақыру.

Форум барысында «Туған жер» бағдарламасының жобаларын іске асырудың маңызы талданып , «Туған мектеп» акциясына қатысушы кәсіпкерлер жайында фотогалереялар ұйымдастырылып, қазақстандық өнер қайраткерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өткізужоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар