Өскеменде қаланың қоқыс полигоны өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде қалалық қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қаланың ТЖ басқармасына сілтеме жасап.

Лесхоз ауданындағы қалалық қоқыс орыны кешеден бері, сағат 23.00-тен бастап өртенген. Ашық алаңдағы жалында сөндірумен №1 өрт сөндіру бөлімі, ШҚО ТЖД ««Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мамандандырылған жасағы, ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ мамандандырылған жасағының орман техникасы, «Өскемен СпецкоммунТранс» ЖШС қызметкерлері айналысып жатыр.

Бастапқы мәлімет бойынша, өртенген алаң аумағы 200 шаршы метр.

Жалпы алғанда өрт сөндіруге жеке құрамнан 10 адам және 4 техника жұмылдырылған.  

Соңғы жаңалықтар