Өскеменде ірі көлемде заңсыз алкоголь тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде полицейлер жеке үйлердің бірінен 16 тоннадан астам заңсыз алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам спирттік ішімдіктерді лицензиясыз саудалаған. Тәркіленген өнімдер зерттеуге жіберілді. 47 жастағы саудагерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл іс Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне берілді.

Қаланың басқа бір шағын ауданындағы жеке үйден де 300 литр спирт табылды.

«Полицияға алкогольдің сапасыздығына шағым білдірген сатып алушылардың бірі хабарласқан. 20 жастағы сатушы әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар