Өскеменде екі жарым айдан бері 24 жастағы жігіт іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Даун синдромына шалдыққан 24 жастағы Тоқтар Мұхтаров іздестірілуде.

Екі жарым айға созылған іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді.

Ер азамат «Арзан» көтерме сауда маркеті аумағында 10 шілде күні жоғалған. Анасының айтуынша, Тоқтар ешқашан жоғалған емес және үйге уақытылы қайтып отырған. Бірақ туыстары оған қоңырау шалғанда, ол адасып кенткендігін айтқан. Жақындары оны өз беттерімен іздеуге тырысқан. Тоқтар автобус аялдамалары жоқ жерде тұрғанын айтқан. Бірақ кейін қоңырауға ер адам жауап берген. Бейтаныспен болған қысқа әңгімеден кейін телефон өшіп қалған. Іздеу жұмыстарымен полицейлер мен еріктілер айналысуда.

Екі жарым ай өткеннен кейін іздестіру жалғасуда. ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әзірге еш нәтиже жоқ.

Тоқтардың туыстары үміттерін үзбей, оны өз күштерімен іздеп-табуға тырысуда.

«Мен оған күнде қоңырау шаламын. Өзім бірінші топтың мүгедегімін. Не істей аламын. Қолымыздан келгенше іздеп жатырмыз. Бірақ әзірге жаңалық жоқ», - дейді жігіттің анасы Жанжагүл Сейітовна көзіне жас алып. 

Соңғы жаңалықтар