Өскеменде бойжеткен бесінші қабаттан құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде 22 жастағы бойжеткен абайсызда бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 13 қыркүйек күні шамамен таңғы сағат 04:00 шамасында тіркелген.

«Облыс орталығындағы Қазақстан көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің терезесінен 1995 жылғы бойжеткен абайсызда құлап кеткен. Бойжеткен бірден ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықталу үстінде. Бойжеткеннің қандай дәрежеде жарақат алғаны әзірге хабарланбады.

Соңғы жаңалықтар