Өскеменде балаларды тапаншамен қорқытқан ер адамға іздеу салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде полиция балаларға ақырып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Әйгерім Нұрғазинаға сілтеме жасап.

Полицияға Өскеменнің 37 жастағы тұрғыны хабарласып, 15 наурыз күні кешкісін тапаншаға ұқсас зат ұстаған белгісіз ер адам ақырып, аулада ойнап жүрген баласын қорқытқанын айтқан.

Үлбі полиция бөлімінің тергеушілері ҚР ҚК 293-бабының («Бұзақылық») 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыскердің айыбы анықталса, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері ер адамның тұлғасын анықтап жатыр.

Бұдан тыс, қала тұрғындары арасында белгісіз ер адам мектеп оқушысына тапанша оқтап, ақша және ұялы телефон талап еткені туралы аудиохабарлама тарап кетті.

WhatsApp-тағы аудионы қазір полиция тексеріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар