Өскеменде аязды күні КамАЗ өртеніп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - КамАЗ жүк көлігінен шыққан өртті өшірмек болған жүргізушінің денесін күйік шалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жүргізуші мотор бөлігінен шыққан жалынды өшірмекші болғанда оң қолын күйдіріп алды. 1-2 деңгейлі күйік алған жүргізуші жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, ем-дом шараларынан кейін үйіне қайтарылды.

ТЖ мамандарының мәліметінше, өрт аумағы 4 шаршы метрді құраған. Өрттің себебі ретінде, қауіптілігі жоғары агрегатты сақтанбай пайдалану нұсқасы қаралып жатыр.

Мамандар қауіпсіздік шараларын тағы да еске салады. Қыс мезгілінде жүргізушілер мотор бөлігін жылылау үшін тез жанатын маталар мен картон қағаздарды пайдаланатыны баршаға аян. Аталған заттар  мотордан шығатын от ұшқындарының әсерінен лезде тұтанатынын естен шығармағанымыз абзал. 

Соңғы жаңалықтар