Өскеменде автобус жол белгісіне соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешкісін Өскемендегі Киров және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

Саябақты бетке ала жолаушысыз келе жатқан автобус жол белгісін соққан. Куәгерлердің айтуынша, ол Киров көшесінің бұрылысында жаяужолға шығып кеткен. Оған ауа райы жағдайлары да себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан полицейлер пікір білдіруден бас тартты. Егер кінәсі анықталса, жүргізушіге сот шешімімен айыппұл салынуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар