Өскеменде «алып бауырсақтардың» байқауы өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Наурызға арнап дайындалған алып бауырсақтардың байқауы өтті. «Қазцинк» ЖШС ұйымдасырған байқаудың жеңімпазы лэд-экранды теледидар ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын өтетін бұл байқаудың биылғы жеңімпазына «Самсунг» теледидары берілетіні хабарланған болатын. Байқаудың ақтық сынына алты үміткер шықты. Басты шарт - бауырсақ үлкен әрі жеуге жарамды болуы керек. Борис Александров атындағы Спорт сарайының алаңына жиналған жұрт алып бауырсақтардың көзбен көріп қана қоймай, дәмін де татты. Ұйымдастырушылар байқауға ұсынылған бауырсақтардың көлемін сыртынан жіппен орау арқылы өлшеді. Осы өлшеулер нәтижесінде Наталья Дятлова дайындаған салмағы алты келі, диаметрі 90 сантиметр бауырсақ ең ірісі болып танылды. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар