Өскеменде адам пышақтаған күдіктіні ит ұстап берді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ұлттық ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты № 5518 әскери бөлімінің жауынгерлері қызметтік иттің көмегімен адам пышақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 сәуір күні сағат 20-10-да Өскемен қалалық ішкі істер бөліміне 1998 жылы туған бойжеткен өзіне белгісіз жігіттің пышақпен шабуылдағанын хабарлайды. Оқиға Темирязев көшесінде болған. Бүктемелі пышақпен қыздың бетіне бірнеше рет пышақ сілтеген қаскүнем оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Сол күні кезекшілік атқарып жүрген Ұлттық Ұлан сарбаздары Тасқын Ниязханов пен кинолог Руслан Раисов жедел тараған ақпарат бойынша күдіктінің ізіне түскен. Күдіктіні оларға «Симба» есімді қызметтік ит ұстап берген.

«Бізге ақпарат түскен бойда іздеу жұмыстарын бастап кеттік. Михаэлис көшесінің ауласында 2 жігітті тоқтатып, құжаттарын сұрай бастағанда екі жаққа қаша жөнелді. Біреуінің соңынан кіші сержант Тасқын Ниязханов кетті де, мен біреуіне «Симбаны» жібердім. Ол тұмылдырықпен жүргендіктен, күдіктіні денесімен қағып құлатты. Беттестіру кезінде жәбірленуші екеуін де жазбай таныды» - дейді сержант Руслан Раисов.

Кинологтың айтуынша, «Симба» төрт жастағы белгиялық овчарка екен. Нәсілі малинуа тұқымына жатады.

«Жәбірленушіге пышақ сілтеген күдікті Ахмер ауылының 1997 жылғы тұрғыны болып шықты. Ол Үлбі полиция бөлімшесінде кінәсін мойындаған» - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар