Өскеменде 60 жыл жөндеу көрмеген тоған қайта жаңғырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жергілікті «Өскемен-Водоканал» кәсіпорны мен әзірбайжандық «ALKE Insaat Sanaye ve Ticaret» компаниясы облыс орталығындағы Октябрь тоғанын күрделі жөндеу жобасын іске асыру туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Өскеменнің Октябрь ауданын сумен қамтып тұрған тоған 1958 жылы іске қосылған. Содан бері аталмыш нысан жөндеуден өтпеген екен.

«Бұл келісімшарт Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелік келісімі аясында жүзеге асады. Жөндеу жұмыстары нысанның электрі желісі мен басқару тетіктерін, қондырғылар мен қойманы, суды залалсыздандыру жүйесін түгел қамтиды. Бұл тоған 1958 жылдан бері жөндеу көрмеген» - деді «Өскемен-Водоканал» кәсіпорнының директоры Ержан Әубәкіров.

Жобаның құны 1,7 млрд теңгені құрайды. Ол қаржы бір жылда игерілуі тиіс.

«Қазақстан аумағында осымен екінші жобаға атсалыспақпыз. Бірі Оңтүстік Қазақстанда болса, бірі Өскеменде. Тоғанды жөндеу жұмыстарын келесі аптада бастаймыз» - дейді әзербайжандық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Ильхам Мамедов.

Соңғы жаңалықтар