Өскеменде 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде анасы кенже баласын тамақтандырып отырғанда екі жасар ұлы бесінші қабаттың терезесінен құлап түскен. Қазір бала жан сақтау бөлмесінде, деп хабарлайды altaynews.kz .

Бүлдіршін не бары 2 жас 11 айда екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның жолы болғыш, себебі әдетте мұндай жастағы балалар терезеден құлаған кезде жерге басымен соғылады, ал бұл жағдайда ол алдымен оң аяғымен кейін толық оң жағымен жерге түсті. Осының арқасында аман қалды.

«Пациенттің жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты. Ортан жілігінің сынуы, көкірек қуысының зақымдануы мен мидың шайқалуы себебінен қазір бала травмалық шок жағдайында. Алайда ортан жілікті санамағанда оның қаңқасы бүтін», - деді Ана мен бала орталығының директоры Сергей Попов.

Өңірлік Ана мен бала орталығының мәлімдеуінше, бұл Өскемендегі бірінші оқиға емес. «Биыл біз ата-аналарға бірнеше рет терезелерге ерекше назар аударып, балаларды қараусыз қалдырмау керегін ескерткенбіз. Өкінішке орай сонда да біздің кеңестерге барлығы құлақ асып жатқан жоқ», - деді Сергей Попов.

 
Соңғы жаңалықтар