Өскемен-Зырян тас жолының қауіпті учаскесі қардан тазартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін түскі уақытта «Қазселденқорғау» және ТЖД мамандары Өскемен-Зырян 62-65 шақырымындағы ең қауіпті учаскелерден қарды алдын ала түсіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жару жұмыстары кезінде жол уақытша жабылды. 9700 текше метр қар түсірілді. Жолды ішінара қар басып қалды. Жол 15.00-де ашылды. Жару жұмыстары кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

ШҚО өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы, «Апат медицина орталығы» құтқарушылары қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. «Қазселденқорғау» АҚ-да хабарлағандай, өңірде бірқатар қауіпті жолдар бар. Мамандар 446 қалың қар жиынын анықтады, 336 ошақ адам өмірі мен нысандарға қауіпті.

Соңғы жаңалықтар