Өскемен тұрғыны жасанды ақшаға ноутбук сатып алған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ер адам компьютер техникаларын сататын дүкеннен 115 мың теңгеге ноутбук алған.  Сатушы қабылдап алған ақшасының әншейін жасанды қағаздар (сувенир) екеніне көз жеткізіп үлгергенше, ер адам тайып тұрған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шегуші бірден полицияға хабарласқан. Полиция сырт белгілеріне қарап, күдіктіні ұстады. Ол облыс орталығының бұрын бірнеше рет сотталған 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ноутбук дүкенге қайтарылды. Оның әрекеттері алаяқтық деп танылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар