Өскемен трамвай паркі әлеуметтік корпорацияның меншігіне өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі трамвай паркін «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге салсақ, қарызы бастан асқан Өскемен трамвай паркінің мүлкі бір апта бұрын сатылымға шығарылған болатын. Корпорацияның басқарма төрағасы Антон Крамаренко парктің ендігі иесі «Ертіс» ӘКК екенін растады. Сатылымға қойылған мүліктер жиынтығынан 444 млн теңге түскен.

«Бұл о баста ұсынылған бағадан әлдеқайда төмен», - дейді Антон Крамаренко. Парктің ендігі тағдыры қалай өрбитіні әзірге белгісіз. Наурыз мейрамынан кейін бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім шығады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар