Өскемен шетіндегі 8 үйді су алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Өскеменге Үлбі өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан қала маңындағы Согра кентіндегі дамба арқылы су ағып келе бастады, деп хабарлады қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Су Городская, Целиноградская, Депутатов көшелеріндегі үйлерді және «Коммунальник» бау-бақша қоғамы аумағын баса бастады. Жекеменшік сегіз үй мен 3 саяжай ауласын, маңындағы бақшаны су басты. «Өскемен тәртіп» кәсіпорнының 20 адамы мен 20 техникасы топырақ сеуіп, су келіп жатқан жолды 50 толтырылған қаппен бітеді. Қосымша 136 тонна инертті материал әзірленді.

Су тасқынымен Өскемен ТЖБ мамандары, мердігерлік ұйымдар, қалалық әкімдік мамандары күресуде. Қалалық және облыстық ТЖ қызметкерлері дамбаны бекітіп, су ағызды. Оқиға орнында құтқарушылар және  жергілікті полициялардан құралған тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

ШҚО ТЖД №5 өрт бөлімінің құтқарушылары арнайы көлікпен 3 адам мен бір баланы эвакуациялады. Тәулік ішінде 200 текше метр су айдалды. Оқиға орнында арнайы техника жұмысын жалғастыруда. Жағдай бақылауда, деді ШҚО ТЖД.

 

Соңғы жаңалықтар