«Өскемен-Самар» бағытындағы жолда көшкін қаупі жойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Өскемен-Самар» бағытындағы жолдың бес бөлігінде көшкінге қарсы жарылыстар жүргізілді.  «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары аталмыш бағытта көшкін қаупі биылға толық жойылғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарылыстар «Өскемен-Самар» жолының 95-102 шақырымдарында жүргізілген. Нәтижесінде 16000 текше метр қардың көбесі сөгіліп, жолдан шығарылған.

«Көктем шыққалы 17 рет жасанды жарылыс арқылы көшкіннің алыдн алу шараларын ұйымдастырдық. Оның көбі Зырян ауданының аумағында өтті. Ал бүгін «Өскемен-Самар»  жолының бойындағы көшкін қаупі бар орындардың барлығы тазартылды. Келесі аптада Катонқарағай ауданында жарылыстар жүргіземіз. Оның көбі Рахман қайнарына апаратын жолдың бойында өтеді» - дейді «Қазселденқорғау» мекемесі облыстық филиалының директоры Омар Дүзгенбаев.

Дегенмен, өңірде көшкін қаупі әлі сақталады. 

Соңғы жаңалықтар