Өскемен көшелерін таудан келген қарғын су басып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің көшелерінде су көлкіп жүр. Мамандар жаңбыр мен еріген қар суы таудан ағып келіп жатқанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшеде көліктер жүзіп жүр» деген тақырыппен уатсап мессенджері арқылы түрлі видеолар тарап жатыр. Шынымен де қала көшелерінде жаяу адам түгіл көлікпен жүрудің өзі қиындап кеткен. Қаланың тазалығына жауапты мекеме мамандары мөлшерден тыс суды таратуға жерасты құдық желілерінің шамасы жетпей жатқанын айтады.

«Жаңбыр мен қар суына таудан құлаған лайсаң қосылуда. Мұншама суды жерасты тораптары таратып үлгермейді. Жібек жолы мен Сәтбаев даңғылының қиылысындағы су Шешек асуынан жеткені анықталды. Ал Красин кентінің Пушкин көшесіндегі қарғын су Ботбай жотасынан ағып келген. Шмелев лог елді мекенінен аққан су трамвай рельстерін, Мызы және Питер коммунарлары көшесіне жайылды. Малдыбаев көшесі мен Самсонов кентінде бірнеше отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Су сорғыш техникалар үлгермей жатыр» - дейді «Өскемен тәртіп» мекемесінің директоры Тамара Рахымжанова.
null

Оның айтуынша қала аумағында 80-нен астам құтқарушы, 26 грейдер мен фронталды тиеуіш техника қарғын сумен күреске жұмылдырылған. Мердігер компаниялармен қатар «Өскемен водоканал» мекемесінің техникасы да тартылуда.

Екі күн бойы тоқтамай жауған жаңбырдың соңы қазір қарға ұласа бастады.
nullnull



Фотоларды Тілеубек Шаяхметов түсірген

Соңғы жаңалықтар