Өскемен көшелерін су басты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде күннің күрт жылынуынан қала көшелерін су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күннің жылынуынан көптеген көшелерде үлкен шалшықтар пайда болды. Сондықтан, бүгін бар күшімізді суды сорғымен алуға жұмсадық, жаңбыр суы ағатын арналарды аштық», - деп атап өтті «Өскемен Тәртіп» басшысы Тамара Рақымжанова.

Сонымен бірге, қала маңындағы аумақ та қар мен судан тазартылып жатыр.

«Әрине, еріген қар суы кешке қарай көктайғақ мұзға айналады. Бұл күндері қалалықтар аса сақ болғаны жөн. Қанша құм сепкенімізбен, таңғы және кешкі уақытта мұз пайда болады», - деп өз сөзін толықтырды Т. Рақымжанова.

Көктайғаққа қатысты қалалықтардан шағым түсіп үлгерді және желі қолданушыларының жазуынша, кейбір әкімшілік және коммерциялық нысандарда жүру қиындай түскен. Осыған байланысты қала әкімдігі қаржылық мекемелердің, шағын және орта бизнес нысандары өкілдеріне және коммерциялық нысан басшыларына өз аумақтарын уақытында тазартып, құм сеуіп тұруды тапсырды.

Жақын күндері өңірде түнгі уақытта еріген қар суы қататындай температуралық режим сақталады. Синоптиктердің хабарлауынша, ертең күндіз Өскеменде ауа температурасы 3-5°, түнде - 12-14° болады.

Соңғы жаңалықтар